III Тоқсан: оқушылар қалай оқиды?
11 января 2021
Бүгін оқу жылының үшінші тоқсаны басталды. Ал оқушылар алғашқы сабақ күнін «онлайн» өткізді. Өйткені, кешегі өткенПарламент Мәжілісі мен түрлі деңгейдегі мәслихаттар сайлауы кезінде кейбір білім ошақтарында сайлау учаскелері орналасқан болатын. «Сақтықта қорлық жоқ». Мектептердің қалтарыс-бұлтарыстарында қауіпті инфекция қалып қоймасын деп, бүгін білім ғимараттарын дезинфекциялап жатыр. Үшінші тоқсанда оқушылар қалай оқиды? Мектепке баруға бәріне рұқсат па?