Селкілдеген аспалы көпірден өтуге мәжбүр халық мүгедек болып қалып жатыр
15 января 2021
Шымкентте өткен ғасырдың 60-шы жылдары салынған ескі көпір апатты жағдайда тұр. Үстінен арлы-берлі өтіп жүрген кейбір тұрғындар абайсызда жерге құлап, аяқ-қолдарын сындырып жатыр. Тіпті, мүгедек болып қалғандары да бар. Өн бойын қорқыныш билесе де адамдар амалдап өткелден өтуге мәжбүр. Себебі, жұртты тасымалдап жүрген автобус кешегі карантин кезінде тоқтап қалған екен. Ал, ең жақын дұрыс көпір 3 шақырым жерде екен.