18:10 Тікелей эфир Фильм «СЕЗОН ПОСАДОК»
20:00 Эфирде әрі қарай «АНАЛИТИКА»

Шашынан сүйреп, қолын сындырды: 70-тегі кейуананы қыздары мен күйеубалалары жабылып сабаған

Шымкентте отбасылық жанжалдың соңы үлкен дауға ұласты. 70 жастағы кейуана туған қыздары мен күйеу балаларынан таяқ жеп, қолын сындырып алған. Алтынкүл Асқарованың сөзінше, даудың басы баспанадан шыққан. Күйеу баласының бірі «қара шаңыраққа» айналған үлкен үйді құйтұрқы әрекетпен өз атына аударып алыпты. Енді қызы қайтыс болған соң, үйді босатуын талап етіп жатыр екен. Ал, тұрмыс құрған өзге екі қызы болса, уақытылы үйді босатып бермедің деп әжейді соққыға жығыпты.

X