Аягөзде тұтас отбасы газдан уланып, екі адам мерт болды
19 января 2021
Шығыс Қазақстан облысында бүтіндей бір отбасы газдан уланып, екі адам мерт болды. Жазатайым оқиға Аягөз қаласындағы жеке үйлердің бірінде болған. 32 жастағы әйел адам оқиға орнында көз жұмды, ал оның үш баласы шұғыл ауруханаға жеткізілген. Өкінішке қарай, 12 жастағы жасөспірімді құтқару мүмкін болмады. Ал, аман қалған 5 және 7 жастағы екі бала қазір ауруханада жатыр. Олардың қазіргі жағдайын білу үшін біз Аягөздегі аурухананың басшылығына хабарласқан едік. Сәтбек Борбасов бізбен тікелей байланысқа шығуға дайын екен.