Мүгедек қыздарға спираль салып, зорлап келген
25 января 2021
Шымкенттің полицейлері мүгедек қыздармен жыныстық қатынасқа түсуі мүмкін деген күдікпен бір топ ер адамнан жауап алып жатыр. Бұған науқас қыздың анасының шағымы негіз болған. Жалғызбасты ана Әлия Мамутованың сөзінше, №2-ші әлеуметтік қызметтер көрсету орталығында ем қабылдап жатқан жарымжан перзентіне орталық қызметкерлері спираль салған көрінеді. Және оны жылдар бойы зорлап келген деп отыр. Ол тіпті, бұл жөнінде тиісті органдарға шағымданғанымен, әлі күнге нақты шешім қабылдамай жатқанына наразы.