Дума депутаты Федоров қазақстандықтарға алғыс айтты
25 января 2021
Еліміздің солтүстік өңірін «Ресейдің Қазақстанға берген сыйлығы» деп айтқаны үшін басы дауға қалған Дума депутаты Вячеслав Федоров енді қазақ халқына алғыс білдіріп, ағынан жарылды. Федоров 1812 жылы Наполеон әскерін тек қазақ жасағының көмегімен ғана жеңе алғандарын алға тартып, керісінше бұл жеңіс – қазақ елінің Ресейге жасаған сыйлығы екенін атап өтті. Одан бөлек, тарихта қазақ халқы орыстардың Отанын талай рет сақтап қалғаны үшін басын иіп, рахметін жеткізді.