10:25 Тікелей эфир Многосерийный фильм «НАША ДОКТОР»
14:20 Эфирде әрі қарай Многосерийный фильм «КЛЯНУСЬ ЛЮБИТЬ ТЕБЯ ВЕЧНО»

Көкшетауда 300-дей тұрғын бір апта бойы жылусыз отыр

Қақаған аязда көкшетаулықтар жылусыз қалды. Бір  апта бойы тоңып отырған тұрғындар кімнен көмек сұрарларын білмей дал. Коммуналдық қызмет өкілдері бұған жұрттың өзін кінәлап отыр. Айтуларынша, кәріз жүйесін дұрыс пайдаланбағандықтан  жылу құбырын жарып жіберген. Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.

НИКОЛАЙ ВЕЛЬЩ, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:

«Жертөлені су басқан. Жылу жоқ, жаурап отырмыз. Бүгін алтыншы күн. Тек біз емес барлық үйлер жылусыз отырмыз. Суды сорып алмай, жылу болмайды. Кеше аз ғана суды сорып еді. Тек 17 градус болды. Өте суық».

Васильковский ықшам ауданында, 27-ші үйдің 300-дей тұрғыны жылусыз күнелтіп отырғандарына бір аптадан асқан. Қатты тоңғандықтан, пәтерлерінде сырт киіммен жүруге мәжбүр. Кәріз құбыры жарылып, жертөлелері суға толғандықтан осындай күйге түстік деп отыр. Сорақысы, мұндай жағдай жылда қайталанады екен. Ал, 36 жылдан бері үйде тұрып жатқан Евгений шіріп кеткен құбырларды ауыстырмаса көрген күніміз осы дейді.

ЕВГЕНИЙ ГАГАЧОВ, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:
«Жылусыз отырғанымызға апта болды. Құбыр жарылмай тұрып жылу жақсы болған».

«Көкшетау су арнасы» мекемесінің учаске басшысы шағымданушылардың сөзін жоққа шығарды. Тұрғындардың жылусыз отырғандарына 3 күн ғана болғанын айтады. Әрі бұл мәселені шешу үшін аянбай  жұмыс істеп жатқандарын жеткізді. Бірақ, кәріз жүйесі мен құбырлардың ескі екенін жасырмады. Ал құбырының жарылып, жертөленің суға толып кеткендігіне тұрғындарды кінәлады.

ЖАНАТ БЕИІСОВ, «КӨКШЕТАУ СУ АРНАСЫ» МЕКЕМЕСІНІҢ УЧАСКЕ БАСШЫСЫ
«Құбырдың бітелгені ол мына тұрғындар шүберек, сүйектер, қасықтар түгелін тастай береді. Сондықтан сол бітеліп қалып тұр. Камазбен жұмыс істеп жатырмыз,Ибасқа машина осыған су әкеліп тұрады. Канализацияның құбыры бітеліп қалып тұр. Содан міне түнде трактор қойғанбыз насоспен ар жаққа качать етіп су өте көп подвалдан аннан-мыннан тоже шығып жатыр».

27-ші үйдің «пәтер иелері кооперативінің» төрағасы барлық жәйттан хабардар болып шықты. Алайда, бұл мәселені «Көкшетау су арнасы» ғана шеше алатынын жеткізді. Өйткені, жертөледегі тізеден асатын суды тазартса, жылу болады екен.

АДАЙ ЖАУҒАШ,  ПӘТЕР ИЕЛЕРІ КООПЕРАТИВІНІҢ ТӨРАҒАСЫ
«Міне бүгін бесінші күн мынау біздің Васильковка ықшам ауданында 27-ші үйде жылу болмай жатыр. Халық шулап жатыр. Жылудың келмей жатқан себебі кәріз құдықтарының толып қалып, мын жерде Восильковка 1, Восилковка 2 33, 34, 35 мына жақта балалар бақшасы бар бүкілінің кәріз жолының трубаларының жолы осы жерге келіп тоқтайды. Мінекей бүгін алтыншы күн Көкшетау су арнасы жұмыстарын істеп жатыр».

Тұрғындардың жанайқайын ескеріп, әкімдікке, тұрғын үй инспекциясына хабарласып жауап ала алмадық. Ал, «Көкшетау су арнасы» бүгін түнде «Көктем», «Василковский», «Центральный» ықшам аудандарының суын өшіріп, жертөлені судан тазартпақ.

X