Павлодар: құбыр қатып қалып, суық сусыз отыр
26 января 2021
Аяз болса, ауыз су жоқ. Павлодар тұрғындары қатты аяздарда ыстық суды үрлеп, күнелтіп отыр. Өйткені суық су жүретін құбыр аязға шыдас бермей , қатып қала береді екен. Әкімдікке қарша бораған шағымдарға шенділер не дейді? Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.
«Горячая вода есть, а холодной нет. И так каждый раз»
Павлодарлық Демиденколар отбасының суық сусыз отырғанына екі апта болыпты. Тіпті қолдарын жуу үшін де ыстық суға үрлеп отыр.
ЕВГЕНИЯ ДЕМИДЕНКО, қала тұрғыны:
«Ни детей помыть… балалардың кір -қожалақ болып жүргеніне жарты ай болды. Ыстық суды ішуге болмайды. Сондықтан дүкенге күнде жүгіреміз. Қалтамызға қиын тиіп тұр.»
Осы маңдағы 400ге жуық пәтер иелері дәл осындай күйде. Тұрмыстық апаттың себебін де біледі жұрт. Үй астындағы пластик құбыр аязға шыдас бермей қатып қалған екен. Оған былтыр жазда жүргізілген жөндеу жұмыстарының шалалығы себеп көрінеді. Құбырлардың сырты ешқандай материалмен оралмай, сол күйі алмастырылыпты.
РИМА ҚАПТАЕВА, қала тұрғыны:
«Коммуналды қызмет өкілдері келіп құбырды жылытады. Ол бір-екі күнге ғана жетеді де, қайтадан қатып қалады. Қаңтар бойы аяздардың кесірінен сусыз оырмыз. Жыл басынан бері бұл төртінші апат.»
Судан тарыққан жұрттың шағымданбаған жері жоқ. Алайда олардың зары ешкімнің құлағына ілінер емес. шенділер бұл мәселені білеміз дейді, алайда халыққа көмектесер амалдары жоқ.
Салтанат Әкімбекова қала әкімінің баспасөз хатшысы:
«Павлодар су кәсіпорны жазда бұл маңда жөндеу жұмыстарын жүргізгенде, дүкенге жапсарлас салынған ғимарат кедергі келтірген. Өйткені желілердің бәрі дүкен астында қалып қойыпты. Біз оған ескерту жасадық. Күн жылысымен дүкен иесі өз күшімен осы маңға айналма құбыр тартуы керек».
Тұрғындар көктемге дейін осылайша күн көре тұруға мәжбүр. Әкімдік келесі жазда ғана осы ықшамауданға жаңа құбыр тартамыз деп сендірді.