Қуат Хамитовқа қатысты сот үкімі шықты
28 января 2021
Танымал аралас жекпе-жек шебері Қуат Хамитовқа қатысты сот үкімі шықты. Дезинфекциялық заттарды бүркігендерді ұрып-соғып, автоматпен ату керек деп мәлімдеме жасаған спортшыны Алмалы аудандық соты кінәлі деп танып, оған 6 айға бостандығын шектеу жазасын тағайындады. Ал, заңға сәйкес, зорлық-зомбылыққа шақырған мұндай әрекет үшін азаматтарға үш жылға дейін бас бостандығын шектеу немесе сол мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза қарастырылған. Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.
ҚУАТ ХАМИТОВ, АРАЛАС ЖЕКПЕ-ЖЕК ФАЙТЕРІ
«Мен аппелияцияға бермеймін. Соттың шешімімен не істеу керек екенін бәрін істеймін. Штрафтарын төлеймін».