10:25 Тікелей эфир Многосерийный фильм «НАША ДОКТОР»
14:20 Эфирде әрі қарай Многосерийный фильм «КЛЯНУСЬ ЛЮБИТЬ ТЕБЯ ВЕЧНО»

Тұрғындар құрылысқа қарсы

Алматыдағы Әуезов ауданында орналасқан көпқабатты үйге жапсарлас тағы бір 9 қабатты баспананың құрылысы басталатынын естіген тұрғындар бүгін шу шығарды. Жұрттың айтуынша бірде бір адам келіп жағдайды ескертпеген. Тіпті, жердің жаңа қожайыны туралы да есікте ілулі тұрған ақ қағаздан біліпті. Онсыз да қуықтай жерге әрең сыйып отырғанда бұл нысанның бой көтеруіне түбегейлі қарсымыз, дейді. Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.

«Үй салуға қарсымыз. Үй салуға қарсымыз».

Қараша жұрттың дәл бұлай айқайға басып наразылық білдіруіне есіктеріне ілінген хабарландыру түрткі болды. Қоршау ішіндегі алақандай жердің иесі табылып, ойда-жоқта құрылыс басталатыны туралы жазылған. Айтуларынша жер асты тұрағы бар көпқабатты тұрғын үй бой көтеруі мүмкін. Алайда, аядай жерге өзіміз әрең сыйып жүргенде бұл шектен шыққандық, дейді. Тіпті, оның қалайша сатылып кеткенінен де бейхабар.

ШАРХАН АҚЫНБЕКОВ, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ
«Бұл үйге біз түбегейлі қарсымыз. Егер саламын дейтін болса техниканы да ештеңені кіргізбейміз. Анау жолдың бойында жатамыз. Өйткені бізде басқа не қалған жоқ. Бізді ешкім тыңдамайды да ешкім не қылғысы келмейді».

Мұнда тұрғындардың алды 2009 жылы көшіп келген. Балалар алаңқайы мен авто тұрақ дәл қазір өзімізге шақтап жасалған дейді. Ал, енді жанынан бой көтеретін 9 қабатты ғимарат ауамызды тарылтып, тіпті адам санын арттырады. Сондықтан, бір ауыздан келіспейміз дегендер мемлекеттік органдар рұқсат бермей тұрып барлығын қадағалу қажет деп санайды.

АЙЖАН МҮСІПОВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ
«Экология мәселесі таза ауа тапшылығы, ағаштардың кесілуі. Сонымен қатар көлік қоятын жер тапшылығы Салынатын үй коммуналдық жүйелерімізге ауыртпалығын салады. Біздің үйге ғана емес, осы маңайдағы үйлердің бәріне қиын».

Жақын маңдағы үй тұрғындары бұрын мұнда стадион болғанын айтады. 2009 жылы салынған жаңа баспанаға әрең рұқсатымызды бергенімізде, енді тағы біреуіне жол бермейміз деп отыр. Себебі, бос жер деп құрылыс бастаудың қажеті жоқ екенін алға тартады. Ал, Әуезов ауданының архитекторы мұнда ешқандай рұқсаттың берілмегенін айтуда. Өйткені, компанияның сәулет жоспарлау тапсырмасын алуға берген өтінішін бірнеше рет кері қайтардық деп отыр.

БАУЫРЖАН ДҮЙСЕБЕК, ӘУЕЗОВ АУДАНЫНЫҢ АРХИТЕКТОРЫ:
«Жер телімінің меншік иесі «Tauba invest» компаниясы болып табылады. Заң бойынша аталған жаңағы жер телімінің иесі бізге сәулет жоспарлау тапсырмасын алуға көп рет арызданған. Және де ол арыздарына біздің басқарма жағынан мемлекеттік орган жағынан отказ берілген».

Рұқсат берілмесе, үй есігіндегі хабарландыру не себепті ілінді деген сұрақ жұрттың көкейінде тұр. Тіпті, бұған атқамінерлер де жауап бере алмады. Жер теліміне ешқандай техника кіргізбейміз дегендер енді әкімдіктегілермен жиын өткізіп барлығын талқыламақшы. Өйткені, хабарландыру ілген компания өкілдері тұрғындаржы жинап, бірде-бір жиын өткізбепті.

X