10:25 Тікелей эфир Многосерийный фильм «НАША ДОКТОР»
14:20 Эфирде әрі қарай Многосерийный фильм «КЛЯНУСЬ ЛЮБИТЬ ТЕБЯ ВЕЧНО»

Халықты жаппай вакцинациялау басталды

Еліміз бойынша бүгін халықты жаппай вакцинациялау басталды. Екпені ең бірінші болып дәрігерлер салдырды. Жұрттың ойын сан-саққа жүгірткен процедура журналистердің көзінше жасалды. Препараттың құтысы да ашық түрде көрсетіліп, ине салған ақ халаттылар әрбір әрекетін түсіндіріп берді. Дәрінің күші қанша уақытқа дейін жетеді? Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.

Қазір біз вакцинация алып жатқан кабинеттеміз. Қауіптің алдыңғы шебінде жүрген дәрігерлердің бірі қазір коронавирусқа қарсы вакцина алып жатыр.

Дәрігерлердің сөзінше коронавирусқа қарсы екпенің мынадай бір флаконы 5 адамға жетеді. Және 21 күннен кейін екінші дозасын алу міндетті.

Болғаннан боладысы көп күттірген вакцина бұл. Былайша айтқанда, әлем жұртын әуреге салған дерттің дауасы осы бір кішкентай құтының ішінде. -18-ден 25-ке дейінгі температурада сақталады.

Міне, Ресейден шыққан. Жаңа ашылған 10-нан 20 кеткенде.

Қызыл күртешелі жігіт жедел жәрдем қызметінде фельдшер болып жұмыс істейді. Демек, ауырып келгендерге көмекті бірінші болып көрсетеді. Екпені елден бұрын алғаны да сондықтан.

ЕРСҰЛТАН ҮСЕНҰЛЫ, ФЕЛЬДШЕР
«Ешқандай қарсы көрсеткіш сезініп тұрған жоқпын. Жүрек айну, бас айналу деген жоқ».

«Тек шамалы шаршап тұр. Онысы…»
«Бүгін ночьтан шыққан едім. Кішкене шаршап тұрмын».

Қайнардың да қызметі қауіпті.

ҚАЙНАР ФАРХАДҰЛЫ, ЖРВИ ЖӘНЕ ПНЕВМОНИЯМЕН АУЫРАТЫН НАУҚАСТАРДЫ ОҚШАУЛАУ ФИЛЬТРІНІҢ АҒА ДӘРІГЕРІ
«Ең көп дегенде бізде 1 күнде 250 науқас болды. Яғни 5 дәрігер қабылдадық. Болашақта ондай болмас деген үміттеміз».

Екпеден кейінгі жағдайы бірқалыпты.

ҚАЙНАР ФАРХАДҰЛЫ, ЖРВИ ЖӘНЕ ПНЕВМОНИЯМЕН АУЫРАТЫН НАУҚАСТАРДЫ ОҚШАУЛАУ ФИЛЬТРІНІҢ АҒА ДӘРІГЕРІ
«Өзімді жақсы сезініп отырмын. Ешқандай белгілері жоқ. Қолдағы ауырсыну, екпе салған жерде ауырсыну белгілері жоқ».

Індетке қарсы екпе алуға келгендердің қатарында бас қаланың бас дәрігері де болды.

«Я боюсь врачей, с детства боюсь, все боятся».

ТИМУР МҰРАТОВ, НҰР-СҰЛТАН ҚАЛАСЫ ҚОҒАМДЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:
«Жұқтыру рискісі жоғары топтарды жасаймыз. Өзіміз дәрігерлер, медициналық қызметкерлер. Бізден кейінгі топта педагогтар. Силовые структуры дейді ғой. Әрі қарай халықты жаппай вакцинациялауды бастаймыз».

Ал халықтың пікірі әзірге екұшты. Сенім жоқ. Күдік басым көрінеді.

— Коронавирусқа қарсы вакцинаны аласыз ба?
— Жоқ.
-Неге? Не үшін алмайсыз?
— Я сенбеймін. Адамдардың айтқан сөздеріне қарап, вакцина алғым келмейді пока что.

«Мен білмим енді, денсаулығын қатты емес. Көп ақаулар бар, дәрігермен кеңесу керек шығар. Ал егер дәрігер қабылдай алады десе, — қарсы емеспін».

Осы орайда «қарсы еместерге» құлаққағыс. Тұрғындарды жаппай егу басталған жоқ. Бірақ білуге тиісті жайттар көп.

Ковидке қарсы вакцинация ерікті процедура. Десе де сіз індетке қарсы иммунитет қалыптастырамын деп шешсеңіз, қаладағы емханалардың барлығында мынадай арнайы терапевт кабинеті дайын тұр.

Терапевт маман пациенттің денсаулығын тексеріп, қандай да бір қарсы көрсеткіштер бар ма соны анықтайды.

КЕНЖЕГҮЛ НҰРАСЫЛҚЫЗЫ, ЖОҒАРЫ САНАТТЫ ДӘРІГЕР ТЕРАПЕВТ:
«6 айға дейін ковид ауруымен ауырмау керек. Екі аптаның ішінде қандай да бір өткір процесс болмауы керек. Жүкті әйелдерге салуға болмайды. 18 жасқа дейінгі балаларға салуға болмайды. Егер де қарсы көрсетілімдер жоқ болса, 00:57 аллергиясы болмаса, ауырып жүрмесе рұқсат береміз вакцина салуға».

15 ақпаннан бастап вакцинациялауға өзіміздің Қарағандыда жасалған Гам-КОВИД-Вак қосылады. Одан кейін 2 тоқсанда QazCovid-In препаратын енгізу жоспарланып отыр. Бүгінгі басталған науқанда Денсаулық сақтау министрі төбе көрсетпесе де, бас санитар мен вице-министр басы-қасында жүрді.

АЖАР ҒИНИЯТ, ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:
«Әрбір вакцинаның денеге кірген белог дейміз, басқа бір бөтен дәрі болғандықтан. Әрбір жасалған орында. Екпенің жергілікті реакциясы болады. Әсері. Ол мысалы ертең қолымыз кішкене ісуі мүмкін. Жасалған жер кішкене ауыруы мүмкін».

Вакцинаның күші шамамен 1 жылға дейін вирусқа төтеп бере алады екен. Ал егер халықтың 60 пайызы вирусқа қарсы екпе алса, бәлкім жыл соңында шектеусіз өмір бастармыз. Маскамызды тастармыз.

X