10:25 Тікелей эфир Многосерийный фильм «НАША ДОКТОР»
14:20 Эфирде әрі қарай Многосерийный фильм «КЛЯНУСЬ ЛЮБИТЬ ТЕБЯ ВЕЧНО»

Жүргізуші куәлігі мен техникалық төлқұжатты алып жүрмеуге болады

Бүгін мемлекет басшысы жүргізуші куәлігін тасымалдауға қатысты заңға қол қойды. Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.Яғни, жүргізушілерге алдағы уақытта жүргізуші куәлігі мен техникалық төлқұжатын алып жүрмеуге болады. Полиция қызметкерлері тоқтатқан жағдайда тек жеке куәлігін ғана көрсетсе жеткілікті. Ал, тәртіп сақшылары планшеттің көмегімен қалған құжаттарды өзі тексереді. Еске сала кетейік, 21 қаңтарда Сенат депутаттары жүргізуші куәлігі мен көлік құралын тіркеу туралы куәлікті бірге алып жүрмеуге болатын норманы қолданыстағы заңнамадан алып тастауды мақұлдаған болатын. Алайда, бұл заң қазақстандық жүргізушілерге ғана қатысты. Ал, шетелдіктер бұрынғыдай өзімен бірге жүргізуші куәлігі мен техникалық паспортты алып жүруге міндетті

X