Жедел жәрдем көлігі жол апатына ұшырап, 2 дәрігер қаза тапты
4 февраля 2021
Еліміздің он өңірінде дауылды ескерту жарияланды. Трассалар жабылып, авто иелеріне жолға шығуға шектеу қойылды. Алайда ауа-райының қолайсыздығына қарамастан рөлге отырып, ұзақ жолға шыққандар көп. Мәселен, көктайғаққа қарамастан Өскемен-Семей бағыты бойынша жолға шыққан «Даф» маркалы жүк көлігінің жүргізушісі рөлге ие бола алмай, қарсы бетте келе жатқан жедел-жәрдеммен соқтығысқан. Ауыр соққыдан 2 дәрігер оқиға орнында жан тапсырып, жедел-медициналық көмектің жүргізушісі ауыр жағдайда ауруханаға жеткізілді.