Екпе төңірегіндегі егес
8 февраля 2021
Қазір әлемнің бірқатар елдері коронавирусқа қарсы вакцина дайындап, оны өз халқына жаппай егуді бастап кетті. Олардың арасында Қазақстан да бар. Біздің елде әзірге ресейлік вакцина қолданылуда. Ал отандық дәрі үшінші клиникалық сынамалардың алдында тұр екен. Бірақ осы уақытқа дейін егілген жандардан ешқандай кері әсер байқалмаған. Керісінше, 250-ден астам еріктінің ағзасында вирусқа қарсы қорғаныш клеткалары көптеп түзіліпті. Вакцина салдыру қауіпсіз бе, оның қандай қарсы көрсетілімдері бар, ағзадағы витаминдер мен микроэлементтеріміз жойылмай ма?