Ақтүтек боран басылмай тұр
9 февраля 2021
Еліміздің басым бөлігінде күн райы күрт бұзылды. Боранға қарамай алыс жолға шыққан 29 адам қар құрсауынан құтқарылды. Республикалық маңызы бар жолдардың біразы уақытша жабылды. Ал, синоптиктер еліміздің 12 аймағында дауылды ескерту жариялады. Алайда оны елемей жолға шығып, қар құрсауында қалғандар да бар.