Доллар арзандап, теңге күшейді
18 февраля 2021
Апта басынан бері доллар бағамы құлдырап келеді. Осылайша, ақша айырбастау пунктерінде 1 АҚШ доллары 416 теңгеге саудалануда. Ал Ұлттық Банк төрағасы жаңа жылдан бері төл теңгеміздің 1,7 пайызға күшейгенін айтқан болатын. Валюта нарығындағы өзгерістер халықтың тұрмысына қаншалықты әсер етеді? Жалпы доллардың арзандауынан пайда көретін кімдер?