433 МЛН ТЕҢГЕГЕ САЛЫНҒАН МЕКТЕП ҚҰЛАЙЫН ДЕП ТҰР

433 миллион теңгеге салынған жаңа мектеп құлайын деп тұр. Әңгіме Алматы облысының Қаратал ауылындағы білім ордасы жайлы. 2014 жылы қолданысқа берілген ғимараттың 4 жыл өтпей жатып іргесі сөгіле бастаған. Спорт залдың едені ортасына түсіп, қабырғалар да қақыраған күйі қауіп төндіріп тұр. Оның үстіне құрылысты қабылдап алу кезінде жер сілкінісіне жарамдылығы жіті тексерілмепті.

X