ҮКІМЕТ БЕРЕТІН ДӘРІСІ КЕШІККЕН МҮГЕДЕКТЕРГЕ ҚАУІП ТӨНІП ТҰР
26 февраля 2021
Өмірлік маңызы бар дәріге зәруміз! Шымкентте мүмкіндігі шектеулі бар топ жан әкімдіктің алдына жиналып, базынасын жеткізді. Жылда үлестіріліп, күнде үзбей қабылдануы тиіс препараттардың жоқтығына екінші айдың жүзі болыпты. Ал иммундық жүйені реттейтін бұл дәрілер мүгедек жандар үшін өте маңызды. Құны қымбат препараттарды қалтасы көтермей, бар үміті Үкіметтің көмегінде болған жандардың жанайқайын әріптесім тыңдап қайтты.