1 НАУРЫЗ – АЛҒЫС АЙТУ КҮНІ!
1 марта 2021
Бүгін — Алғыс айту күні. Биыл бесінші жыл қатарынан айтулы мереке қазақстандықтар арасында ерекше атаулда. Елдегі диаспора өкілдері ел тұрғындарына алғыс айтып қана қоймай, бір-біріне құрмет білдіріп, жылы лебіздерін жеткізуде. Тіпті, бұл күн әдемі дәстүрге айналғандай. Бүгін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандықтарды алғыс айту күнімен құттықтады. Жүз отыз ұлт пен ұлыстың қаймағы бұзылмай, бірлігі жарасып отырған ел халқына тыныштық пен бақ береке тіледі.