АҚТӨБЕДЕ ҚАРДЫ ДҰРЫС ТАЗАЛАМАҒАН МЕРДІГЕРГЕ 4 МЛН ТЕҢГЕ АЙЫППҰЛ САЛЫНДЫ
4 марта 2021
Қарды дұрыс тазартпасаң, айыппұл төлейсің! Ақтөбеде толассыз жауған қардан көлік қозғалысы қиындады. Коммуналдық қызмет ауыл арасы тұрмақ, облыс орталығын қардан тазартып үлгермей жатыр. Ал қалалық әкімдік мердігер компаниялардың жартысымен әлі күнге келісім-шарт жасамапты. Оның кесірі енді тұрғындарға тиюде.