10:25 Тікелей эфир Многосерийный фильм «НАША ДОКТОР»
14:20 Эфирде әрі қарай Многосерийный фильм «КЛЯНУСЬ ЛЮБИТЬ ТЕБЯ ВЕЧНО»

МЕРДІГЕР МЕКТЕП ҚҰРЫЛЫСЫН КЕШІКТІРІП, БАЛАЛАР КӨРШІ АУЫЛҒА ҚАТЫНАП ЖҮР

Сағызша созылған сақалды құрылыс. Талдықорғанда Абай атындағы орта мектептің күрделі жөндеуі әлі күнге бітпей тұр. Былтыр тамызда басталған жұмыс биыл ақпанда аяқталуы тиіс еді. Алайда, келісім-шарт негізінде наурызға шегерілген екен. Соның өзінде қазір құрылыстың 70 проценті ғана аяқталыпты. Әлі қаншаға созылары белгісіз. Мұндай салғырттықтың салдарынан зардапты оқушылар мен ата-аналар тартуға мәжбүр. Балалар қаладағы үш мектепке бөлініп барып, кезекші сыныптарда оқып жүр.

X