БЕНЗИН 260 ТЕҢГЕГЕ КӨТЕРІЛЕДІ
11 марта 2021
Қазақстанда жанаржағармайдың бар-жоғы 20 күндік қоры қалды. Ал қазіргі таңда ең өтімді АИ-92 маркалы бензин бірден 10 теңгеге қымбаттап, литрі 160-тан сатылуда. Ал, сарапшылар оның бағасы жыл сайын қымбаттап, Ресейдегідей болады деп отыр. Яғни, 2025 жылға қарай темір тұлпардың азығы 260 теңгеге жетіп қалуы мүмкін. Себебі, Кедендік одақ елдеріндегі келісім бойынша баға бірдей болуы керек.