МҮГЕДЕКТЕРГЕ ҚАРАЙТЫН КӨМЕКШІЛЕРДІҢ ЖАЛАҚЫСЫ ЕКІ ЕСЕГЕ ҚЫСҚАРҒАН
11 марта 2021
Қызылордада І топ мүгедектері облыс әкімдігіне жиналды. Елуден аса мүмкіндігі шектеулі жан аймақ басшысы – Гүлшара Әбдіхалықоваға мұң-мұқтажын айтуға келді. Айтуларынша, арбаға танылғандар мен қос жанарынан айрылған зағип жандардың жеке көмекшілерінің ақпан айынан бастап жалақылары екі есеге қысқарыпты. Осының салдарынан мүгедектердің күнделікті тұрмыс тіршілігі де ауырлай түсіпті.