ҚҰЛ СИЯҚТЫ ЖҰМЫС ІСТЕДІК, АҚШАМЫЗДЫ БЕРМЕДІ!
12 марта 2021
Құлша жұмсап, қарызымызды бермей қойды! Екі жыл бойы маңдай терімен тапқан ақшаларын ала алмай жүрген ақтөбелік кәсіпкерлер облыстық әкімдікке келді. Шенеуніктерден еңбекақыларын өндіріп беруді сұрады. Ақтөбе-Атырау арасын жалғайтын күре жолдың жөндеуін қолға алған компания жергілікті кәсіпкерлердің техникасын жалға алған. Артынан көк тиын да төлемей қойыпты.