20 ЖАСАР ҚАЗАҚ БАЛАСЫ «GRAMMY» ЖҮЛДЕСІН ИЕЛЕНДІ
15 марта 2021
Теміржолдан Грэммиге дейін. Ауылдың қарапайым баласы, павлодарлық Иманбек Зейкенов музыка индустриясындағы ең абыройлы марапатқа ие болды. Бұл – қазақ тарихында бұрын-соңды болмаған, ең тұңғыш «Grammy» жүлдесі. Небәрі жиырма жасында ән әлемінің «Оскарын» жеңген отандасымыз қазақ тарихындағы жаңа парақтың бетін ашты. Сонымен еңбегі еленіп, ән саласындағы ең абыройлы марапатты иеленген жігіт кім? Оның ендігі арманы қандай?