МАС ЖҮРГІЗУШІ КӨЛІКПЕН ҚАҚҚАН ОҚУШЫНЫҢ БІРІ КӨЗ ЖҰМДЫ
15 марта 2021
Алматы облысында мас жүргізуші көлігімен қаққан оқушының бірі көз жұмды. Бұл ақпаратты өңірдің Денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің өкілі Ләйлім Әубәкірова растады. Сондай-ақ, ведомство зардап шеккен екі қыздың денсаулығы жайында ақпарат бере алмайтынын жеткізді. Өйткені, балалардың ата-аналары бұған қарсылық танытыпты. Еске сала кетейік, жол апаты 2 наурыз күні Еңбекшіқазақ ауданына қарасты Қорам батыр ауылында болған еді. Көлікке мас күйінде отырған ауыл тұрғыны жол шетінде тұрған төрт оқушыны қағып кеткен болатын. Олар түрлі дене жарақатымен ауруханаға жеткізілді. Кейін көлік жүргізушісі ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.