КӘСІПКЕР БЕЙІТТЕРДІ СҮРІП, БИЗНЕС АШПАҚШЫ
19 марта 2021
Әруақтарға да тыныштық жоқ! Тараздағы Тастақ ауданының тұрғындары сол маңдағы қорымның аумағына көз тіккен кәсіпкердің тірлігіне наразы. Бизнесмен бейіттерді трактормен сүріп, ол жерге құрылыс жүргізбекші екен. Ағайын-туысының мәңгілік мекеніне айналған аумаққа қол салу ақылға сыймайтын әрекет дейді жұрт.