ҒИМАРАТТЫҢ ТӨБЕСІНЕН ҚАР ҚҰЛАП, КӨЛІКТЕРДІ ЖАПЫРЫП ТАСТАДЫ
22 марта 2021
Елордадағы ғимараттың төбесінен қар опырылып, бірнеше көлікті басып қалды.Абырой болғанда, оқыс оқиға болған сәтте тұраққа қойылған темір тұлпардың ішінде адамдар болмаған. Төбеден түскен ақ ұлпаның қалыңдығы соншалық, айналасындағының бәрін тып-типыл етіпті. Көліктері қирап, аяқ асты шаш етектен шығынға батқан тұрғындар кімге барып шағымданарын да білмей отыр.







