ҮКІМЕТ БЕРГЕН БАСПАНАНЫҢ ЖЕЛ ТҰРСА, ШАТЫРЫ ҰШАДЫ
23 марта 2021
Соғыстан кейінгі үй сияқты! Жел тұрса шатыры ұшып, жаңбыр жауса төбесінен шелектеп су ағады. Үкімет берген баспананың сапасына шүйліккен тараздықтар арнамыздан көмек сұрауға мәжбүр. Әкімдіктің уәдесіне әбден тойған тұрғындардың жанайқайын тілшіміз тыңдап қайтты.