2:30 Тікелей эфир «П@УТINA» бағдарламасы
3:15 Эфирде әрі қарай «ТАМАША CITY» бағдарламасы

ПЛАНШЕТКЕ ЖИҒАН АҚШАСЫН ЕМГЕ АУДАРҒАН ЕҢ ЖАС МЕЦЕНАТ

Елорда маңындағы Қосшы ауылында ең жас меценат тұрады. Қазақстан бойынша қайырымдылыққа ерте атсалысқан баланың аты-жөні — Ерасыл Долқын. Небәрі сегіз жастағы жеткіншек бір жыл планшетке жиған ақшасын денсаулығы сыр бергендердің еміне еш ойланбастан жіберген. Мұнысы ескерусіз қалмай, Ерасыл жақында республикалық байқауда гран-при иегері де атанды. Жақсы істерге жаны жақын оқушымен тілшіміз тілдесіп қайтқан еді.

X