10:25 Тікелей эфир Многосерийный фильм «НАША ДОКТОР»
14:20 Эфирде әрі қарай Многосерийный фильм «КЛЯНУСЬ ЛЮБИТЬ ТЕБЯ ВЕЧНО»

Әлеуметтік көмекшілер қаржыдан қағылды

Қызылорда облысында жарымжан жандардың қаржысын қаққан шенділердің басы дауға қалды. Жаңақорған кентіндегі І-топ мүгедектері мен олардың жеке көмекшілері бүгін аудан әкімдігінің алдына жиналды. Олардың айтуынша алдағы айдан бастап мүмкіндігі шектеулі жандардың күнделікті тұрмыс-тіршілігіне көмектесіп жүрген адамдардың онсыз да аз жалақысы тағы қысқартылмақ екен. Жаңақорған әкімдігіндегілер кезекті тексеруден кейін осындай шешімге келіпті. Кейбір жеке көмекшілердің басқа да қосымша жұмыстары бар екендігіне көз жеткізген олар тиесілі 8 сағат емес 4 сағатқа төлесек депті. Тіптен «жыл басынан бері төленген 3 айдан ақшасын қайтарындар» деп жеке көмекшілерге мінез көрсетіпті.

X