Тілсіз жау 7 отбасын баспанасыз қалдырды
3 мая 2021
Солтүстік Қазақстанда жайылым өрті үйлерге өтіп, шағын ғана ауылдағы бірнеше отбасын баспанасыз қалдырды. Жергілікті тұрғындар қызыл жалын қас пен көздің арасында бас салып, үй мен қорадағы малды қырды дейді. Ал, шенеуніктер әп сәтте далада қалғандарға қалай көмектеспек? Бұл — Солтүстік Қазақстан облысындағы Желяков ауылы. Қызылжар ауданына қарасты елді мекенде күні кеше жайылым өрті ауылдағы үйлерге өтіп, 7 баспананы жоқ қылды. Барынан айырылғандар қызыл жалын ештеңені алып шығуға мұрша бермеді, дейді.