
«Тұмар» Ұлттық телевизиялық жүлдесінің V мерейтойлық марапаттау рәсімінде, ақпараттық-сараптамалық «Аналитика» бағдарламасы жүлдеге ие болды.
«Тұмар» Ұлттық телевизиялық жүлдесінің V мерейтойлық марапаттау рәсімінде, еліміздегі ең рейтингілі ақпараттық-сараптамалық «Аналитика» бағдарламасы «Тұмар-2021» Ұлттық телевизиялық бәйгесінің «Үздік ақпаратты бағдарлама» номинациясы бойынша жүлдеге ие болды. «Тұмар» — бұл елдегі ең маңызды телевизиялық марапат. Алғаш рет 2017 жылы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің бастамасымен құрылды. Жеңімпаздар бір миллион теңге көлемінде ақшалай сыйақы алады. «Аналитика» жобасының ұжымын құттықтаймыз және жаңа жетістіктер мен жеңістер тілейміз!