Екпе еркекті белсіз, әйелді бедеу ете ме?
6 мая 2021
Тәжтұмауын тежейтін жаңа екпе бедеулік тудырады. Бүгінде әлеуметтік желіде осыған ұқсат түрлі ақпараттар таратуда. Дені бала көтеруге қатысты. Осы ретте мамандар не дейді? Вакцинаның адам ұрпағын өрбітуге қандай да бір әсері бар ма? Екпе еркекті белсіз, әйелді бедеулікке алып келеді! Одан бөлек, адамның генетикасын өзгертуі әбден мүмкін. Бүгінде әлеуметік желіде осындай сарындағы қаңқу сөздер өріп жүр. Әуелі негізгілеріне тоқталсақ… Жұқпалы індетті тежейтін екпе расында әйел денсаулығына зиян ба? Осы жайлы мамандардан сұрап білдік. Танымал репродуктолог Салтанат Байқошқарова «адамның ұрпақ өрбітуіне екпені ешқандай кері әсері жоқ» деп кесіп айтты.