Кейуана немерелерімен далада аш жүр
6 мая 2021
Маңғыстау облысы, Қызылтөбе елді мекенінде жасы 63-ке аяқ басқан қарт әже үш бірдей жиен немересімен көлік жөндеу аумағындағы үйшікте тұрып жатыр. Мұндайға олар жоқшылықтың кесірінен амалсыз барған. Қазір бұл отбасы қара су мен бір үзім нанға да зәру. Тіпті, кейбір кезде ол да болмай қалатын көрінеді.