Жүрегі оң жақ кеудесінде орналасқан 4 жасар қыз
7 мая 2021
Ақтаулық 4 жасар Ағлестің жүрегі оң жақ кеудесінде, ал бүйрегі сол жақ бүйірінде орналасқан. Десе де, ішкі ағзасы керісінше жаратылған бүлдіршін өзін өте жақсы сезінеді. Мінезі ашық, пысық, қимылы шапшаң, әрі кез-келген адаммен емен жарқын ашық сөйлеседі. Кішкене қыз жұдырықтай жүрегінің оң жақ тұсында орналасқанын да жақсы біледі екен. Өйткені, анасы үнемі айтып отыратын көрінеді.