Азық-түлік пен тауар бағасы өсті
26 мая 2021
Жыл басынан бері елімізде шемішке майдың бағасы 13 пайызға қымбаттап кеткен. Күнбағыс майының шарықтауына шикізат қорының азаюы себеп болып отыр дейді жауаптылар. Базардағы 5 литрлік сұйық май бағасы қазір 4000 теңгеден асып жығылады. Ал ең жоғарғы өсім елорда, Шымкент, Атырау облыстарында байқалып отыр екен. Ал, қадағалаушы орган қайда қарап отыр?







