9:25 Тікелей эфир «ПРОУЮТ»
10:25 Эфирде әрі қарай Многосерийный фильм «НАША ДОКТОР»

Үйдің төбесі опырылып түсті

Текеліде тапа тал түсте апатты жағдайдағы үйдің төбесі құлап, тұрғындарды басып қала жаздады. Абырой болғанда, сол сәтте подъезде ешкім болмаған. Үлкендер үй сыртында жүрсе, балалар іште ұйықтап жатқан екен. Қосқабатты баспана өткен ғасырдың 50-жылдары салынған. Уақыт өте келе әбден тозығы жетіп, тұруға жарамсыз жағдайға жеткен. Сол 14 пәтерлі үйде қазір жалғыз отбасы ғана амалсыздан үреймен күн кешіп отыр.

X