Шарын шатқалында жоғалған қыз табылды
31 мая 2021
Шарын шатқалында жоғалған 11 жастағы қыз бала табылды. Құтқарушылар мен еріктілер жабылып жүріп сел ағызып әкеткен жасөспірімді бір тәуліктен соң құтқарды. Ол жүзе алмаса да тырмысып, жағадағы жартасқа жабысып, аман қалыпты. Өмір мен өлім арпалысында тіпті есінен де танып қалған. Өзінің айтуынша, ағыспен күресе алмай, әбден қалжыраған. Сосын ыңғайы келгенде жағаға ұмтылып, қолына ілінген нәрседен ұстап, ақыры судан шығыпты. Алайда айналасы биік жар болғандықтан, сол жерден қозғала алмай, күтіп отыра берген. Қаршадай қыздың бір күнде басынан өткен бар қорқынышын тілшіміз баяндап берсін.