6 отбасы далада қалды
3 июня 2021
Алматы облысында алапат өрт салдарынан 6 отбасы үйсіз қалды. Іле ауданының Жетіген ауылында тілсіз жау түнгі уақытта тұтанып, аз уақыт ішінде баспаналарды тып-типыл еткен. Абырой болғанда ешкім зардап шекпеген. Тұрғындардың бірі оянып кетіп, көршілеріне хабарлап үлгерген. Бірақ барлығының дүние-мүлкі түгелдей жанып кеткен. Жоқ жерден дымсыз қалған жұрт өртті әлдекім қасақана қойған деп отыр. Ал барынане айырылғандарға жергілікті әкімдік көмек көрсете ме? Тақырыпты тілшіміз тарқатады.