Туризм туалеттен басталады
3 июня 2021
Түркістанға бардың ба? Керуен сарай көрдің бе? Иә, рухани астанамыз туристер үшін тартымды шаһарға айналғалы ел-жұрттың бәрі сонда ағылып жатыр. Мақтайтындар көп. Дәретхана жоқ, деп даттайтындар да табылды. Бұл — жалғыз Түркістанға тән проблема емес. Күнгей Алатауындағы кереметтер мен Бурабай, Бозжыра, Шарынға да қатысты. Шарын демекші, шатқалдағы шырғалаң да күллі әлем алдында туристік әлеуетіміздің деңгейін әшкерелегендей. Туризм саласындағы түткілдер жайлы аз-кем Айғаным Достанбайдың сюжетінде.







