Зымырандар қауіпсіз бе?
10 июня 2021
Сенатта «Байқоңыр» ғарыш айлағынан ұшатын зымырандардың қоршаған ортаға қаупі жайлы айтылды. Өзекті мәселе Парламентте Қазақстан мен Ресей үкіметі арасындағы «Байқоңыр» кешенін жалға беру шартындағы өзгерістерді талқылау барысында сөз болды. Жиынға Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин қатысып, енді әуе кемелерінің бөлшектері құлайтын орындардың жағдайын бақылау күшейтілетінін мәлімдеді. Бүгінде тасымалдаушы зымырандардың қалдықтары құлайтын орын — Қостанай облысының Жангелді ауданы. Министр техниканың сынығы аспаннан түседі деп күтілгенде 3-6 тәулік бойы адам мен үй малының жүруіне тосқауыл қойылып, оның қоршаған ортаға әсері байқау үшін сынамалар алынады деп сендірді.