Елде жаппай қымбатшылық орын алуда
11 июня 2021
Сөредегі қымбатшылыққа ашуланған сенаторлар Ауыл шаруашылығы министрін сұрақ астына алды. Сенаттағы Үкімет сағатында депутаттар картоп, сәбіз сынды әлеуметтік маңызы бар тауар құнының жүз құбылуы елімізде бағаны мемлекеттік реттеу жүйесінде елеулі кемшіліктер барын көрсетті дейді. Халық қалаулары Беларусь еліндегі жағдайды мысалға келтіріп, түйткілдің төркініне үңілгендей болды. Аталған мемлекетте тұрғындардың күнделікті тұтынып жүрген азық-түлік өнімдерінің 28 түрі бақыланады екен. Ал бізде бұл тізімді тек 19 өнім толықтырып тұр. Оның өзін жауаптылар ырыққа көндіре алмауда.