6:00 Тікелей эфир «ТАМАША CITY» бағдарламасы
8:20 Эфирде әрі қарай «П@УТINA» бағдарламасы

Бір мектептің екі директоры бар

Естімеген елде көп! Шымкентте бір мектептің қос директоры бар. Қаладағы №125 оқу орнының ата-аналары және мұғалімдері бұл жағдайды мүлдем түсіне алмайды. Себебі, оқушылардың аттестатында бірінші директордың қолы тұрса, ал табельде екінші басшының аты-жөні жазылған. Мұнымен оқу ордасындағы былық бітер емес, қит етсе ақша жинауды әдетке айналдырып алған директор барлығын мезі қылып бітірген. Жағдайдың жәй жапсарын толығырақ Ғалымжан Кенжебек тарқатады.

X