Жаңа кодекс қабылданды
1 июля 2021
Енді қазақстандықтар қате төленген әлеуметтік көмекті қайтармауға құқылы. Елімізде бүгіннен бастап Әкімшілік рәсімдік-процессуалды кодекс күшіне енді. Әділет вице-министрі Наталья Панның сөзінше, жаңа кодекс азаматтарды билік органдарының заңсыз әрекеттерінен қорғайды. Мәселен, құқықтық шешімдердің күшін жоюдың ерекше тәртібі енгізіледі. Осылайша әрбір қазақстандық бір кездері қабылданған шешім заңды, дәйекті және оның күшін жоюға болмайтынына сенімді болуы керек.