Биотехнолог маман — есірткі даярлаған
8 июля 2021
Биотехнолог мамандығын меңгерген 27 жастағы жігіт элиталы тұрғын үйдегі жалдамалы пәтерді есірткі зертханасына айналдырған. Ол жерде мефедрон мен амфетаминді жасап, интернет-дүкен арқылы сатып келген. Баспаны тінту барысында синтетикалық есірткі жасаудың формуласы жазылған дәптер, электронды таразы, химиялық қоспалар, полиэтилен пакеттері, есірткі сататын дербес компьютер табылды. Бұдан бөлек, синтетикалық есірткінің 60-тан астам бір рет қолдануға арналған дозасы тәркіленді. Қалалық саябақтардың бірінде жүргізілген жедел-тергеу шаралары кезінде күдікті полицейлерге есірткіні жасырған орындарды көрсеткен. Күдікті қамалып, қылмыстық іс қозғалды. Мүлкі тәркіленіп, 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.