Мемлекеттің тегін берген үйлері ақылы болып шыққан ба?
19 июля 2021
Жаңаөзендік 15 отбасы мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген пәтерлерін жекешелендіре алмай жүр. Олар шенеуніктердің бұл қылығына түсінбейді. Өйткені, атқамінерлер бұған құлықсыз. Амалы таусылған олар мәселеге аймақ басшысының араласуын өтінді. Осыдан 10 жыл бұрын көпбалалы және аз қамтылған отбасылар, мүгедек баласы бар жанұялар баспананы әкімдік тарапынан алған. Алайда, көп жыл өтсе де әлі күнге дейін жеке атына өткізе алмай жүргенге ұқсайды. Ал жаңаөзендік әкімдік болса, нарықтағы пәтер құнының қалған қалдық ақысын төлесең, аударуға болады депті.







