Сиырдың сүті – тілінде!

Малдан мол өнім алу алу үшін алдымен жем-шөп базасын жасақтап, қоймаға құнарлы азықты толтырған ләзім. Осы тұрғыда батысқазақстандық диқандар соңғы жылдары жаппай мал азықтық дақылдар мен көп жылдық шөптерді егуге ден қоя бастады. Биыл өңірде 32 мың гектарға аталған өсімдік түрлері егіліпті. Алайда қиындықтар да аз емес. Әсіресе оңтүстік аудан шаруалары несиеге қол жеткізе алмай, тұқым себетін арнайы техникадан тарығып жүр. Агроном мамандар да тапшы. Осы өңірден әріптесім Ерденбек Жылқайдарұлы әңгімелейді.

X