Қызылорда облысындағы қор қаржысы

Қордан бөлінген қаржы талан-таражға түспейді! Кеше жаңалықтарымыздан Төтенше жағдай жарияланған Қызылорда облысыың Арал ауданына «Болат Өтемрұратов қорынан» қуаңшылықтан зардап шеккен аралдықтарға 200 млн теңгедан астам қаржылай көмек берілгендігі жайында айтқан болатынбыз. Жергілікті халық осы қаржыға аудан әкімдігі жем-шөп алудың орнына, басқа қажеттіліктерге жұмсауды межелеп отыр деп шу шығарған еді. Алайда, Арал ауданының әкімі Серік Сермағанбетов мұны жоққа шығарды. Аудан басшысы жеке қордан «Аралым-Айдын шалқарым» қоғамдық қорына 213 млн теңге түскендігін растады. Бұл ақшаның көп бөлігі ауданның 800 аз қамтылған отбасының малына жем алуға жұмсалады екен.

X