3:15 Тікелей эфир «ТАМАША CITY» бағдарламасы
6:00 Эфирде әрі қарай «ТАМАША CITY» бағдарламасы

Бір тәулікте 90 адам коронавирустан көз жұмды

Тағы да антирекорд. Соңғы тәулікте 90 адам коронавирус пен пневмониядан көз жұмды. 6 637 тұрғынның ПТР талдауы оң нәтиже көрсеткен. Осылайша, елдегі вирустық ахуал күн өткен сайын өршіп барады. Бір ғана Нұр-Сұлтан қаласында жансақтау бөлімдері 84 процентке толған. Бұл туралы шаһардың қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы мәлімдеді. Індеттің қайта дендеп жатқанына көз жеткізу үшін мамандар тіпті ауа жетпей, қиналып жатқан науқастардың видеоларын жұртқа көрсетті.

X